Артқа
Артқа

Болат Төкежанов медициналық сақтандыру Қорының басшысы болып тағайындалды

Болат Тұрғанұлы Төкежанов ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Болат Төкежановты Қор ұжымына таныстырды.

"Болат Тұрғанұлы денсаулық сақтау жүйесінде тәжірибесі мол, саладағы ең маңызды реформаларды жүзеге асыруға тікелей қатысқан, барлық проблеманы іштен жақсы біледі. Бұл өте құнды тәжірибе, өйткені медициналық сақтандыру қорының  халыққа арналған медициналық көмекті стратегиялық сатып алушы ретінде және МӘМС пен ТМККК пакетінің қаржылық операторы  ретінде ерекше мәртебесі бар. Барлық процесті - сатып алу мен медициналық көмекті қаражыландыру ісін ашық  және жүйелі жүзеге асыру керек.  Қазір еліміздің денсаулық сақтау саласы қиын кезеңді бастан өткізіп отыр, бұл ретет коронавирусқа қарсы  күрес шараларының шығынын өтеуде  сақтандыру қорының рөлі өте маңызды", - деді министр А. Цой.

Министр бұл тағайындаудың артында  үлкен жауапкершілік тұрғанын  және   Мемлекет басшысы қойған міндеттерді қысқа уақытта орындау қажеттігін  де атап өтті.

Болат Төкежанов 1972 жылы 19 шілдеде ҚазКСР Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

1994 жылы Қазақ Мемлекеттік басқару академиясын "Экономист" мамандығы бойынша бітірген. 2010 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұлттық мемлекеттік саясат мектебінде мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі дәрежесін алды.

Дьюка, Дарем, Солтүстік Каролина, АҚШ-та Стэндфорд университетінің мемлекеттік саясат мектебінде, сондай-ақ,  Сингапурдағы Ли Куан Ю  атындағы Ұлттық Университеттің мемлекеттік саясат мектебінде оқыған. 

Болат Төкежанов Қазақстанның салық қызметі жүйесінде жұмыс тәжірибесі бар, Шығыс Қазақстан облысындағы денсаулық сақтау ұйымдарын басқарды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде басшылық қызметтерді атқарды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің вице-министрі, жауапты хатшысы болып жұмыс істеді.

"Құрмет" орденімен марапатталған, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау үздігі. Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.

12.07.2020
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ОБЩЕСТВЕННО-КОНСУЛЬТАТИВНЫЙ СОВЕТ ФСМС: ДОСТИЖЕНИЯ И ПЛАНЫ
ҚОРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСІ: ЖЕТІСТІКТЕР МЕН ЖОСПАРЛАР
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында Қоғамдық-консультативтік кеңестің ағымдағы құрамымен соңғы отырысы өтті. Шарада 2024 жылдың алдын ала жұмыс қорытындылары шығарылып,  Қордың ахуалдық-талдау орталығының қызметі таныстырылды. Сондай-ақ басқа да өзекті мәселелер талқыланды.
25.12.2024
СКОЛЬКО ПЛАТИТЬ НА ОСМС В 2025 ГОДУ
2025 ЖЫЛЫ МӘМС-КЕ ҚАНША ТӨЛЕЙМІЗ
Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде қалатындықтан, МӘМС төлемдерінің көбісі өзгермейді.
24.12.2024
ЗАПУСК СУР: КОМУ ЭТО ВЫГОДНО И КАК БУДЕТ РАБОТАТЬ
ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ: БҰЛ КІМГЕ ТИІМДІ ЖӘНЕ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?
Медициналық ұйымдарды тәуекел аймақтарына бөледі. Олардың үштен екісі «жасыл дәлізге» кіреді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында бұның қандай нәтиже беретінін түсіндірді.
20.12.2024
Барлығын көру
Подать обращение МӘМС калькуляторы Іздеу